Елорда тұрғыны Алматы зообағына Амур жолбарысын сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда тұрғыны Алматы зообағына Амур жолбарысын сыйлады

Елорда тұрғыны Алматы зообағына Амур жолбарысын сыйлады

Астана тұрғыны Алматы зообағына Амур жолбарысын сыйға тартты. Бұл туралы бүгін зообақтың баспасөз қызметінен хабарлады. 

  • 23 Тамыз 2016
  • 394
Фото - Caravan.kz

Жыртқыштың иесі өзінің аты-жөнін құпия сақтауды жөн көрді.  

Естеріңізге сала кетелік, таяуда зообақ басшылығы жеке қолдағы жабайы жануарларды зообаққа өткізу туралы акция жариялаған болатын. 

«Жолбарыстың күшігін Астанадан алып келдік. Астана тұрғыны бізге телефон арқылы жасырын хабар берген соң, біздің қызметкерлер алдын ала белгіленген жерге барып, жыртқыштың күшігін алып келді. Өзінің аты-жөнін жасырған азаматтың қызыл кітапқа енгізілген жолбарыстың күшігін қайдан алғандығы белгісіз», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда жолбарыстың баласы тексеруден өткізіліп жатыр. 


«Оған қажетті егулер жасалады. Ол өзінің жаңа мекеніне үйренуі керек», — делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, жануардың күйі қанағаттанарлық жағдайда.   

Осымен, Алматы зообағындағы Амур жолбарыстарының саны 6-ға жетті. 

Соңғы жаңалықтар