Мал сатып қаза тапқан азаматтың баласы қылмыскерлерді ату жазасына кесуді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мал сатып қаза тапқан азаматтың баласы қылмыскерлерді ату жазасына кесуді сұрады

Мал сатып қаза тапқан азаматтың баласы қылмыскерлерді ату жазасына кесуді сұрады

Алматы облысы кеше қылмыскерлер қолынан қаза тапқан үш азаматымен қоштасты. Оларды ақтық сапарға шығарып салуға еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар келген.

  • 28 Қыркүйек 2016
  • 3002
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК хабарлайды, деп жазады Stan.kz.

“Үш отбасында жетім-жесір 12 адам қалды. Енді олар қалай тіршілік етпек? Қазіргі таңда оларға барлық облыс материалдық және моральдық көмек көрсетуі керек”, – дейді Алматы облысының тұрғыны Сұмғат Нығмет.

Бұл ретте мемлекет қаза болғандардың отбасыларына қаржылай көмек көрсете алмайды. Оған бюджеттен ақша қарастырылмаған.

“Не істеу керектігін, қайда бару керектігін білмеймін. Ол біздің отбасымыздағы жалғыз асыраушы болды. Ендігі өмірді қалай сүретінімізді де білмеймін. Әйелім мүгедек, келінім де жиі ауырады”, – дейді қайтыс болғандардың бірінің әкесі Әмірбай Долан.

Үш азаматтың артында 8 бала қалды. Олардың ең үлкені 13 жастағы Жалын Жарқынбек. Ол әкесін өлтірген қаскөйлердің өлім жазасына кесілгенін қалайды.

“Мен бұл адамдарды ату керек деп айтар едім прокурорға. Менің екі қарындасым бар, мен ең үлкенімін. Ол қаскөйлерге ең қатал жаза – ату жазасын беруді сұраймын”, – дейді ұлы Жалын Жарқынбек.


Қылмыскерлер Жарқынбек, Мұқият және Қадылбекті аңшы мылтығымен атып тастаған.

“Қанды оқиғаны жасаған қарулар қазіргі таңда тәркіленді. Қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалды”, – дейді Алматы облыстық екінші прокуратура басшысы Ермек Жақсыбаев.

Қанды оқиғаны жасады деген күдіктілер ұсталған. Қазіргі таңда екі ер адам қамауда отыр. Еске сала кетейік, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын. Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. 19 қыркүйекте соңғы рет байланысқа шыққан. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды.  Өлтірілген ағайындыларды өлім алдында айуандықпен қинағанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар