Мәскеу соты допинг бағдарламасын әшкерелеген адамның активін тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеу соты допинг бағдарламасын әшкерелеген адамның активін тәркіледі

Мәскеу соты допинг бағдарламасын әшкерелеген адамның активін тәркіледі

Мәскеу соты Ресейдің допингке қарсы зертханасының бұрынғы директоры Григорий Родченковтың активтерін бұғаулады. Родченков бұған дейін Ресейде спортшылардың допинг қолдануына қолдау көрсететін мемлекеттік бағдарлама барын көпшілікке жариялаған.

  • 25 Тамыз 2016
  • 383
Фото - Caravan.kz

Мәскеудің Басман аудандық соты 25 тамызда Григорий Родченковтың мүлкін тәркілеу туралы шешім 12 тамызда шыққанын хабарлады, деп жазады Азаттық.

Билікті теріс мақсатта пайдаланды деп айыпталған Родченков АҚШ-қа қашып кеткен. Ол биылғы жылдың басында қауіпсіздік қызметі агенттерінің қатысуымен 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиадада ресейлік спортшылардан алынған зәр сынамаларымен қитұрқылық жасаған күрделі жүйе жұмыс істегенін жариялаған.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Ресейдегі мемлекеттік деңгейдегі допингке дем беру бағдарламасын тексеру кезінде Родченковтың айтқандарын ескерген. WADA есебі жарияланған соң Ресейдің жеңіл атлетика құрамасын Рио Олимпиадасынан шеттетілді. Ал Олимпиадаға жолдама алған қалған ресейлік спортшылар жарысқа қатысу үшін өздерінің допингтан таза екенін дәлелдеуге мәжбүр болды.


Кремль Родченковтың мәлімдемесін "қашқынның жаласы" деп атады.

Соңғы жаңалықтар