"ОҢАЙ" картасына қазақстандықтар 240 млн теңгеден астам қаржы жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ОҢАЙ" картасына қазақстандықтар 240 млн теңгеден астам қаржы жұмсады

"ОҢАЙ" картасына қазақстандықтар 240 млн теңгеден астам қаржы жұмсады

Алматы көлік холдингінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2016 жылдың 17 тамызына дейін миллионнан астам көлік картасы сатылып, таратылған. 

  • 23 Тамыз 2016
  • 588
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Алматы қаласының көлік холдингі редакция қойған сауалға жауап берді:

 "2016 жылдың 17 тамызына дейін 1 230 865 "ОҢАЙ" картасы шығарылып, сатылымға түсті. Олардың ішінде 471 063 жеңілдігі бар көлік картасы болса, 758 067 бірыңғай көлік картасы"- деп жауап берді холдингтегілер.

760 мыңға жуық қазақстандық "ОҢАЙ" бірыңғай көлік картасына 242 581 440 теңге жұмсаған.

801 карта иесі өз "оңайларын" қайтарып берген. Жәнеде 1024 адам картасын істен шығарып алып, жөндеуге келмегендіктен қайтарып берген. 

Еске сала кетейік, Бірыңғай көлік картасының құны — 400 теңге. Оның 320 теңгесі картаның құны болса, 80 теңге бір рет жол жүру ақысы.
 

Соңғы жаңалықтар