Павлодар облысында Өзбекстанның 79 азаматы құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында Өзбекстанның 79 азаматы құтқарылды

Павлодар облысында Өзбекстанның 79 азаматы құтқарылды

«Қызылорда-Павлодар» тас жолында бұзылған автобустан 79 жолаушы эвакуацияланды, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  • 24 Қазан 2016
  • 452
Фото - Caravan.kz

«Өткен түнде, 23 қазанда, «Қызылорда-Павлодар» республикалық маңызы бар жолдың 1341 шақырымында түнде Өзбекстан азаматтары мінген рейстік автобус сынып қалды. 79 жолаушы РФ Омбыдан Шымкентке бара жатқан», — делінген хабарламада.

Оқиға орнына медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері және адамдарды эвакуациялау үшін мектептің «Газель» көлігі келді.

Жолаушылар Достық ауылындағы мектепке орналастырылды.


Автобусты жөндеуге төрт адам қалды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар