Қостанайлық отбасы ұлын дұрыс сүндеттемегендерден сот арқылы 100 мың теңге өндіріп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық отбасы ұлын дұрыс сүндеттемегендерден сот арқылы 100 мың теңге өндіріп алды

Қостанайлық отбасы ұлын дұрыс сүндеттемегендерден сот арқылы 100 мың теңге өндіріп алды

Қостанай қалалық соты сүндеттелгеннен кейін денсаулығына зақым келген 8 жасар баланың анасының пайдасына шешім шығарды. Бірақ Әлия Оспанова өзі талап еткен 5 миллион теңгені алмайтын болды.

  • 30 Қараша 2016
  • 1322
Фото - Caravan.kz

Сот жекеменшік «Андрофарм» клиникасынан материалдық шығын ретінде 20 мың теңге, моральдық шығын ретінде 80 мың теңге өндіруді ұйғарған, деп хабарлайды жергілікті «Наша газета» порталы. Бұған, әрине, зардап шеккен жеткіншектің әке-шешесі келіспей отыр.

Бұл жағдай өткен жылдың тамыз айында болған екен. Анасы Әлия Оспанованың айтуынша, «Андрофармда» сүндеттелген күннің ертеңіне баланың жағдайы нашарлап кеткен. Ал үш күннен кейін ол ұлын аталған клиникаға алып барады. Бірақ осы емдеу мекемесінің бас дәрігері Сағынтай Торғаевтан көмек болмапты.

Сосын баланы облыстық ауруханаға апаруға тура келген. Ал ондағылар жараға вирус түскенін анықтаған. Сөйтіп, жеткіншекке үш рет наркоз беріліп, бұдан оның денсаулығына нұқсан келіпті. Бірақ Сағынтай Торғаев жағдайдың бұлай өршіп кетуіне Оспанованың өзі кінәлі деп отыр. Өйткені баланың анасы отадан кейін болатын жараға дұрыс қарамаған көрінеді.


Соңғы жаңалықтар