Қырғыз қыз-келіншектерінің денелері бүгін еліне жеткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз қыз-келіншектерінің денелері бүгін еліне жеткізіледі

Қырғыз қыз-келіншектерінің денелері бүгін еліне жеткізіледі

Ресей астанасында екі күн бұрын болған алапат өрттен қаза тапқан Қырғызстанның 14 азаматшасының денелері бүгін түстен кейін еліне жеткізіледі.

  • 29 Тамыз 2016
  • 726
Фото - Caravan.kz

Ол үшін арнайы ұшақ бөлінген. Оған марқұмдардың туыстары да мінеді. Бұл туралы «РИА Новости» хабарлады.

Сенбі күні таңертең Мәскеуде «Печатный экспресс» баспаханасына тиесілі қойма өртенген еді. Соның салдарынан 17 адам қаза тапты. Олардың 14-і Қырғызстан азаматтары. Аталған елдің сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша қаза тапқандар – 18-25 жас аралығындағы қыз-келіншектер. Өлгендердің үшеуі – Ресей азаматтары. Дәл қазір Қырғызстанның тағы үш азаматы Мәскеу ауруханаларында ауыр жағдайда жатыр екен. Айта кетейік, осы қайғылы оқиғаға байланысты бүгін Қырғызстанда қаралы күн жарияланды.

Соңғы жаңалықтар