Қытай Қазақстаннан баратын жекелеген туристерге виза беруді тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Қазақстаннан баратын жекелеген туристерге виза беруді тоқтатты

Қытай Қазақстаннан баратын жекелеген туристерге виза беруді тоқтатты

Қытай Қазақстаннан баратын жекелеген туристер үшін визалық қызметті тоқтатты.

  • 26 Тамыз 2016
  • 579
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Бұл жаңалықты хабарлаған Алматыдағы Қытай бас консулдығы мәселенің себебін түсіндірмеді. Алайда консул қызметкері Қытай тарапы бірқатар өзгерістер енгізгелі жатқанын Қазақстан үкіметіне осы жылдың басында хабарлағанын айтты.

Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, 18 тамыз – 1 қазан аралығында Ханчжоуда 4-5 қыркүйекте өткізілетін “Үлкен жиырмалық” (G20) саммитіне байланысты Қытайға келетін жекелеген туристерге қатысты визалық қызметтің өзгереді екен. Визаны Өзбекстан, Тәжікстан, Сирия мен Қазақстанға барған ресейлік азаматтардың және бұрынғы кеңестік елдерде туған ресейліктердің ала алмайтыны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар