Тағайындалған сәтінен-ақ қазақша сөйлеген жаңа премьер-министр жұртты сүйсінтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағайындалған сәтінен-ақ қазақша сөйлеген жаңа премьер-министр жұртты сүйсінтті

Тағайындалған сәтінен-ақ қазақша сөйлеген жаңа премьер-министр жұртты сүйсінтті

Премьер-министр болып кеше Бақытжан Сағынтаев тағайындалған еді. Іле-шала осы туралы кешкі тележаңалықтарда айтылды. Онда үкімет басшысының сенім білдіргені үшін Елбасыға алғыс білдіріп тұрған сәті көрсетілді.

  • 10 Қыркүйек 2016
  • 12174
Фото - Caravan.kz

Сағынтаев сонда қазақша сөйлеп жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

"Өзімнің бар күш-жігерімді, білімімді, тәжірибемді осы жұмыста аянбай еңбек етуге арнаймын деп сізді сендіргім келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысын өткіздіңіз. Сол кеңесте алдағы уақыттағы үкіметтің стратегиялық бағыт-бағдарламасын белгілеп бердіңіз. Ең маңыздысы, сіз халқыңыз үшін, халқыңыздың ойында жүрген түйткілі, мәселесі — "Нұрлы жер" бағдарламасын орындауға тапсырма бердіңіз. Менің түсінігімде сіздің "Нұрлы жол" мен "Нұрлы жер" бағдарламаңыз Мәңгілік елдің мызғымас фундаменті болып саналатынына ешқандай күмәнім жоқ. Сондықтан да үкімет парламентпен үйлесімді жұмыс жасай отырып, сіздің үкімет алдына қойған барлық тапсырмаларыңызды орындайды деп сендіремін" деді жаңа премьер-министр. 


Жаңа Үкiмет басшысы Бақытжан Сағынтаев мырзаның тағайындала салып Елбасының және халық қалаулыларының алдында ең алдымен айтқаны осы болды. (монтажы өзiмдiкi))

Posted by Берік Уәли on Friday, September 9, 2016

Соңғы жаңалықтар