Танымал тележүргізушінің көлігін ұтып алған адам белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал тележүргізушінің көлігін ұтып алған адам белгілі болды

Танымал тележүргізушінің көлігін ұтып алған адам белгілі болды

Белгілі тележүргізуші Жанат Бақыт өткізген қайырымдылық шарасы өз мәресіне жетті. Бүгін ол өзі тізгіндеп жүрген Мицубиси Паджеро көлігін

  • 29 Қараша 2016
  • 2795
Фото - Caravan.kz

Белгілі тележүргізуші Жанат Бақыт өткізген қайырымдылық шарасы өз мәресіне жетті. Бүгін ол өзі тізгіндеп жүрген Мицубиси Паджеро көлігін кімнің ұтып алғанын жария етті. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

СТВ телеарнасында тікелей эфирде өткен шарада Миргүл Қажығалиева есімді тұтыншуы негізгі сыйлық темір тұлпарға ие болды. Көліктен бөлек өзге де сыйлықтар, танымал сән үйінің киімдері мен құнды картиналар ойналды.

Еске сала кетсек, бүгінде жеке кәсіппен айналысып жүрген Жанат Бақыт қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, оның арнайы шарттарын белгілеген еді. Ал шарадан жиналған қаржы Кәусар есімді қыздың еміне жұмсалатын жарияланған. Арнайы шараға жүздеген адам қатысты. 


Соңғы жаңалықтар