Шағын футболдан республикалық турнирде кеденшілер жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шағын футболдан республикалық турнирде кеденшілер жеңіске жетті

Шағын футболдан республикалық турнирде кеденшілер жеңіске жетті

Орал қаласында «Динамо» спорт қоғамы орталық кеңесі ұйымдастырған құқық қорғау органдары арасындағы республикалық турнирде кеденшілер жеңімпаз атанды

  • 3 Маусым 2011
  • 402
Фото - Caravan.kz

Облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жарысқа сегіз команда қатысты. Бірінші жартылай финалда ҚР ІІМ командасы ішкі әскерлер командасын 2:0 есебімен ұтса, екіншісінде ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті құрамасы шекара қызметі өкілдерін 3:0 есебімен жеңді.

Финалда кеденшілер ішкі істер министрлігі командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Үшінші орынға шекарашылар көтерілді.

Чемпиондар құрамында Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары, Астана қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті және комитет жігіттері ойнады.