Олар үш алтын, екі күміс және төрт қола, барлығы 9 медаль қанжығалап қайтты.
«3 маусымда Гуянгта (Қытай) аяқталған жарысқа әлемнің 19 елінен 146 спортшы қатысты», — деп хабарлады Қазақстанның бокс федерациясынан.
Қазақстандық жігіттер 9 салмақ санатында өнер көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, 60 келі салмақта — Самат Башенов, 64 келі салмақта — Данияр Елеусінов, 75 келі салмақта Нұрдәулет Жарманов алтын еншіледі.
Асқар Абдуллаев (81 келі салмақта) пен Досжан Оспанов (+91 келі салмақ санатында) күміс медаль қанжығаласа, Нұрбол Қалжанов (56 келі), Бақытжан Қожабеков (69 келі) және Александр Гулевский (91 келі) қоланы қанағат тұтты.
Боксшы қыздарымыз үш салмақ санатында өнер көрсетіп, 51 келі салмақ санатында Жайна Шекербекова ғана күміске қол жеткізді.