«А. Тортаев 176-шы бабы, 3-ші тармағы «б» тармақшасы бойынша айыпты деп танылып, 5 жылға сотталып, үш жылға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметте істеу құқығынан айрылды», — деп хабарлады соттан.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, 2005-2006-шы жылдары мемлекет Семей қаласының кәсіпкерлікті дамыту қорына «Самұрық-Қазына» қоры арқылы айтарлықтай қаражат бөледі. Тексеріс барысында анықталғандай, көптеген несие алушылардың құжаттары болмаған, көбісі несиені алмағандығы белгілі болды. 2006-шы жылы сәуірде қор директоры А. Тортаев банкке ерікті түрде Т6 млн қаражатты құйды, бірақ Т10,8 млн қайтарылмай қалды.
Семей қалалық соты оны 5 жылға соттады. Одан басқа, одан Т10,8 млн сомасындағы қаржы да өнідіріліп алатын болды.
Үкім заңды күшіне енді.