"Қан" құйылған шөлмек": Прокурор соттта Бишімбаевтің өрескел қателік жібергенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қан" құйылған шөлмек": Прокурор соттта Бишімбаевтің өрескел қателік жібергенін айтты

"Қан" құйылған шөлмек": Прокурор соттта Бишімбаевтің өрескел қателік жібергенін айтты

Бишімбаев ісі бойынша сотта сөз сөйлеген мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың қандай  өрескел қателік жібергенін айтты.

  • 2 Мамыр
  • 85
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ прокурор марқұм Салтанат Нүкенованың  бас миындағы жарақаттан қанша көлемде қан түзілгенін көрсету үшін қызыл сұйықтық құйылған шөлмек пен пакетті қолданды деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы.

Прокурор Айжан Аймағанова Нүкенованың өлімі жұдырықпен де, алақанмен де жасалған соққылардың салдарынан болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Біз сот процесі кезінде Бишімбаевтың өзіне ыңғайсыз сұрақтарды шебер айналып өтіп, қателеспеуге тырысып, шебер өтірік айтып жатқанын байқаймыз. Бірақ ол өрескел қателік жіберді. Өзнің кінәсіздік туралы бүкіл нұсқасы ұялы телефонында Салтанатты азаптау сәттері туралы бейнематериалдар табылған кезде бірден күйреді.  Ұялы телефонының құпия сөзін бере отырып, ол бұл бейнелерді түсіргенін ұмытып кетті және олар оның телефонында сақталып қалды. Неліктен? Себебі ол мұны тұрақты жасады және оны ұмытып кетті», — деді Айжан Аймағанова.

Сондай-ақ, Айжан Аймағанова қызыл сұйықтықты полиэтилен пакетке құйып, Салтанаттың басындағы гематоманың көлемі қандай мөлшерде болғанын көрсетті.

Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні алған жарақатынан миында көлемі 230 мл гематома пайда болған.

 «Сарапшы Халимназаров  гематоманың көлемі 70 мл болғанын айтты, сондықтан біз өлшеуішпен көрсетіп тұрмыз, бұл адам өліміне әкелуі мүмкін. Гематоманың нақты формасы жоқ, бірақ, біз оның көлемін көрсетуді шештік. Салтанатта көлемі 230 мл болатын гематома. Міне, бұл Салтанаттың миын қысқан қан мөлшері», — деді прокурор.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр