Жиынға белгілі тіл мамандары, түркология саласын зерттеушілер қатысып, көне түркі тілдерін зерттеу мен сақтаудағы Ғ.Айдаровтың орны, еңбегі жайлы ой бөліспек. Сонымен қатар түркология саласының проблемалары, жетістіктері мен болашағы мәселесі де сөз болады.
Ғ.Айдаров (1921-2001) — ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, филология ғылымының докторы, бірнеше шет елдік ғылыми орталықтардың академигі. Түркология саласына қатысты 20-дан астап ғылыми еңбектердің авторы, Қазақстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстанның тіл білімі саласында айтулы ғалымдарды тәрбиелеген ұстаз. Оның «Білге Қаған ескерткішіндегі орхон тілі», «Орхон ескерткіштеріндегі көне түркі жазуларының тілі» және бірқатар еңбектері қазақстандық ғылымда теңдессіз еңбектер болып саналады.