Іс-шара барысында хор ұжымдарының, әншілердің, би ансамбльдерінің өнерлері және колледж оқушыларының эстрадалық–цирктік қойылымдары көрермендерді ерекше мейрам сезіміне бөлейді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ш.Бүркітбаева мен С.Мақұлбековтің, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүль Татидің тәлімгерлері қатысушылардың жадында ұзақ уақытқа қалатын қойылымдарды ұсынбақ.
Мереке-думанының күәгері болам деушілерге есік ашық..
Өтетін уақыты 10 маусым 2011ж. сағат 18.30-да Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы (Қалдаяқов көшесі 35, Төле би көшесінің қиылысы)
Телефондар: 2917903, 2938544, 2916434, 87024529853