Оралдың «Ақжайығы» Семейде жергілікті «Спартакпен» күш сынасты. Алаң иелері есеп ашқанмен, көп ұзамай «Ақжайықтың» құрамында ойнайтын камерундық легионер Гок Хабиб қарымта гол соқты. Ойынның 81-минутында «Спартак» тағы да алға шықты. Дегенмен қосымша минуттарда Эльдар Абдрахманов қарсыластар қақпасын дәл көздеп, есепті теңестіріп кетті.
«Ақжайық» бұл турдан кейін 14 ұпаймен 9-орында келеді.
Оралдықтар алдағы кездесуін 23 маусымда Алматының ЦСКА командасымен өткізеді.