«Қырғызстанның ЕАДБ құрамына кіруінен туындайтын экономикалық тиімділік Республикаға да, банктің басқа да қатысушы мүшелеріне де маңызды,- дейді банктің басқарма төрағасы Игорь Финогенов. — ЕАДБ-нің толық мүшесі атана отырып Қырғызстан экономикалық қауіпсіздік, экономиканы диверсификациялау, жұмыс орындарын ашу мәселесінде айтарлықтай маңызды жоспарлар түзе алады. Бұнымен қатар біз Қырғызстанда тек қана классикалық жобалық несие беруді жүзеге асырмаймыз, сонымен қатар шағын және орта бизнесті де несиелендіреміз»,- деп атап өтті И.Финогенов.
Естеріңізге сала кетейік Қырғызстан ЕАДБ құрамына кіруге 2010 жылдың ақпан айында өтініш берген болатын.