Өзбекстанда соғыс ардагерлеріне 1600 доллар ақшалай сыйақы беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда соғыс ардагерлеріне 1600 доллар ақшалай сыйақы беріледі

Өзбекстанда соғыс ардагерлеріне 1600 доллар ақшалай сыйақы беріледі

Өзбекстандық соғыс ардагерлеріне 20 млн сум (орташа курспен $1600) көлемінде біржолғы ақшалай сыйақы төленеді

  • 7 Мамыр
  • 14
Фото - Caravan.kz

Өзбекстандық соғыс ардагерлеріне 20 млн сум (орташа курспен $1600) көлемінде біржолғы ақшалай сыйақы төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Сaravan.kz медиа порталы.

Тиісті жарлыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды. Құжатқа сай, соғысқа қатысушылар мен майдан салдарынан мүгедек болған азаматтарға 20 млн сум беріледі.

Айта кетейік, былтыр 9 мамыр қарсаңында өзбекстандық ардагерлерге 18 млн сум ($1400) төленген еді. Ал 2022 жылы – 15 млн сум ($1100), 2021 жылы 12 млн сум ($940) біржолғы ақшалай сыйақы берілді.

Еске сала кетейік, 9 мамырға орай қазақстандық ардагерлерге де біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Биыл республика бойынша оның орташа мөлшері – 1,5 млн теңге.

Соңғы жаңалықтар