«Мен ел үшін маңызды зауытты іске қосуға рұқсат беремін, енді бұрғылау мен мұнай өндіру үшін қажет жабдықтарды өзіміз шығарамыз. Барлығыңызды құттықтаймын!» — деді Н. Назарбаев дүйсенбі күні жобаны іске қосу барысында.
Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) мәліметтеріне сәйкес, жобаның құны — Т11,55 млрд, қуаты – жылына 10 мың тонна.
«Өнімнің ассортименті итальяндық «Розетти Марино» компаниясының өнім түрлеріне сәйкес келеді және қазақстандық өндірісте баламасы жоқ. 1-ші кезегі іске қосылғанда кешеннің қуаты жылына 10 мың тонна металл конструкцияларын құрап, 1 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Сатып алулардағы қазақстандық мазмұнның үлесі 50% құрайды», — делінген таратылған материалдарда.
Сондай-ақ, президент Қарағанды облысындағы 3 га аумақты алатын жылыжай кешенінің жұмысы қалай басталғанын көрді.
Баспасөз мәлімдемесінде айтылғандай, көкөніс дақылдарын жыл бойы өсіруге арнадған заманауи жылыжай кешені жылына 1700 тонна өнім беретін болады.