«Қазақстаннан президенттік оркестрдің «Белес» тобы мен қобызшысы Әсел Нұркенова келді. Топ Қуат Шілдебаевтың «Шашу» шығармасын, «Белес» және «Шіркін-ай» халық әндерін, сондай-ақ көпшілікке танымал түрік әндерінен поппури орындап, Анкара қаласының тұрғындары мен фестиваль қонақтарын тәнті етті», — делінген СІМ-нің сейсенбі күнгі ақпаратында.
Қазақстандық әртістер Анкараға үстіміздегі жылғы маусым айында Астанада Анкараның Мәдениет күндерін өткізу барысында өткен Қазақстан өнер шеберлерінің концертінде олардың өнерін тамашалап, үлкен әсер алған қала мэрі Мелих Гөкчектің жеке шақыруымен келген.
Мәртебелі музыкалық фестивальге әлемнің 16 елінен 500-дей ән-би топтары және орындаушылар қатысты.
Әртістердің өнері түрік БАҚ-да кеңінен жария етілді және телеарналарда тікелей эфирде көрсетілді.