"Кеңес Одағының батыры туралы алғашқы фильм": Әлия Молдағұлова жайлы кино туынды көрерменге жол тартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кеңес Одағының батыры туралы алғашқы фильм": Әлия Молдағұлова жайлы кино туынды көрерменге жол тартпақ

"Кеңес Одағының батыры туралы алғашқы фильм": Әлия Молдағұлова жайлы кино туынды көрерменге жол тартпақ

Microcosm Pictures кинокомпаниясы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған толықметражды көркем фильм-өмірбаянын шығаруда.

  • 4 Мамыр
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл картина тәуелсіз Қазақстандағы Кеңес Одағының батыры туралы түсірілген алғашқы толықметражды фильм болмақ, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Көркем фильм авторлары көрермендерге ұлт қаһарманы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, аты аңызға айналған мерген Әлия Молдақұлова туралы байопик ұсынуға ниетті.

Фильм авторларының пікірінше, қаршадай қазақ қызын сұрапыл соғысқа жетелеген оның ізгі ниеті мен асқақ рухын, қайсар мінезін ұмытпауымыз керек.

Майданда Әлия Молдағұлова оқтардан да, ең қауіпті тапсырмалардан да қорықпайтын батырлығымен көзге түскен. Оның небәрі 18 жасында шабуыл сәтсіздікке ұшыратпай, жауынгерлерді аман сақтау үшін өз жанын пида етуі ресейлік журналист, тележүргізуші және актриса Алена Кулешоваға әсер еткені соншалық, ол өмірінің үш жылын биопиктің сценарийін жазуға арнаған. Алена Кулешова тарихи тұлғаны зерттеу барысында ол туралы кең тараған мифтер мен аңыздарды емес, сол замандағы өмірдің шынайы шындығын іздеген. Нәтижесінде, ол Әлияны жақсы білген адамдарды тауып, батыр қыздың шынайы болмысын ашатын сценарий жазып шыққан.

«Біз тек сенімді, сарапшылар растайтын және мойындайтын фактілерді қолдануды мақсат қылдық», — дейді фильмнің продюсерлері.

Дайындық жұмыстары барысында Мәскеу әскери мұрағаттарынан драмалық материал үшін дәлелденген негіз жиналған. Сондай-ақ, картинаның продюсерлері «тарихта қалған жастар туралы фильмді жас мамандар түсіру керек» дейді.

Болашақ картинаның қоюшы-режиссері жас, бірақ өте танымал Ален Ниязбеков (оның шығармашылық қоржынында «Каникулы в Таиланде», «Моя большая казахская семья», «Агашки по вызову 2: начало», «Ауылбайский участковый», «Ты — босс», «Алматы, я люблю тебя» сияқты көптің көңілінен шыққан фильмдер бар).  Ал, қоюшы-операторы көпшілікке «Брат или брак», «Жол», «Возмездие», «Донор» және т.б. картиналары арқылы танымал Шерхан Таңсықбаев.

Авторлық ұжым картинада тарихи тұлғаның жүріп өткен жолын көрсету мен фильмнің кассалық әлеуеті арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысатындарын айтты.

«Психологиялық әскери драманың жанры таңдалды, ерлікке барған кейіпкердің мотивациясы ашылады. Жекпе-жек көріністері бірте-бірте  лентаның эмоционалды қарқындылығын күшейту арқылы, кең аудиторияға фильмнің тартымдылығын қамтамасыз етеді», — дейді олар.

Фильмнің түсірілімі Қазақстанда жәні Беларуссияда өтуі мүмкін. «Әлия» фильмі 2025 жылдың мамыр айында, фашизмді жеңген Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында көрерменге жол тартпақ. Ал, ағымдағы жылдың 9 мамырында ресми түрде жалпыұлттық кастинг басталады. Түсірілім тобы Әлия Молдағұлованы сомдайтын жас актрисаны бүкіл Қазақстан бойынша іздемек.

Соңғы жаңалықтар