Қазақстандық волейболшы қыздар "Вьетнам телевидениесі кубогы" халықаралық турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық волейболшы қыздар "Вьетнам телевидениесі кубогы" халықаралық турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық волейболшы қыздар "Вьетнам телевидениесі кубогы" халықаралық турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Дак Лак қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында "Вьетнам телевидениесі кубогы" халықаралық турнирі өтіп жатыр.

  • 14 Шiлде 2011
  • 427
Фото - Caravan.kz


Шілденің 9-ы күні басталған бұл жарысқа 8 елден 9 команда қатысуда. Онда Нелли Щербакова жаттықтыратын Қазақстанның жастар құрамасы «А» тобында, ал Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Тайланд және Вьетнам-2 командалары «В» тобында өнер көрсетті. Қазақстандықтар топтық кезеңдегі алғашқы 2 ойында Солтүстік Корея (25:8, 25:10,25:18) мен Вьетнам-1 (25:16, 25:11,25:15) командаларына 3:0 есебімен есе жіберген еді. Кеше соңғы кездесуде Австралия волейболшыларын (21:25, 25:23, 25:17, 25:22) 3:1 есебімен ұтты. Бүгін барлық командалар тынығып жатыр. Енді 15-16 шілде күндері олар жүлделі орындарды өзара сарапқа салатын болады.