Алматыда теннистен ел жастарының біріншілігі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда теннистен ел жастарының біріншілігі өтеді

Алматыда теннистен ел жастарының біріншілігі өтеді

15-20 тамыз аралығында Алматыда 12-16 жас аралығында теннистен Қазақстан Республикасы жастарының біріншілігі басталады. Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Тамыз 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кортына Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Петропавл, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар қалаларының үздік теннисшілері шығады.

Турнирдің мақсаты — спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беру, үздік жас спортшыларды анықтау.