Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Испанияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Испанияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Испанияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин жұптасып өнер көрсетуде Испанияда өтіп жатқан жүлде қоры 85 мың еуроны құрайтын «Челленджер» сериясындағы халықаралық турнирдің ширек финалына шықты.

  • 4 Тамыз 2011
  • 359
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратты.

Кеше Кукушкин мен ресейлік Теймураз Габашвили жұбы алғашқы айналымда испандық Гильермо Гомес-Диас пен Микей Сулеу жұбын 7:6, 6:3 есебімен ұтты.

Енді олар келесі айналымда да испандық Роберто Батиста-Агут пен Иван Наварро жұбымен ойнайды.