Елордада ҚР Президенті кубогы үшін шайбалы хоккейден халықаралық турнир өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада ҚР Президенті кубогы үшін шайбалы хоккейден халықаралық турнир өтіп жатыр

Елордада ҚР Президенті кубогы үшін шайбалы хоккейден халықаралық турнир өтіп жатыр

Кеше елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған ҚР Президенті кубогы үшін шайбалы хоккейден халықаралық турнир басталды.

  • 10 Тамыз 2011
  • 418
Фото - Caravan.kz

Байрақты бәсекені ұйымдастырушы «Нұр Отан» ХДП мен Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы атынан сөз алған партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин құттықтауында биылғы турнирдің ерекшелігі — ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырғандығында екендігін баса айтты.

Оның атап өтуінше, елімізде спорттың барлық саласы қарқынды даму үстінде. Әсіресе, Елбасы Н.Назарбаевтың бастамалары мен ерекше қамқорлығының арқасында қазақстандық спорт, соның ішінде хоккей де өзінің жоғары деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік алды.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орайластырылып отырған спорттық шараға Қазақстан мен Ресей Федерациясының негізгі хоккей командалары қатысуда. Жанкүйерлер Ханты-Мансының «Югра», Хабаровскінің «Амур», сонымен қатар астаналық «Барыс» және өскемендік «Қазмырыш-Торпедо» клубтары ойыншыларының мұз айдынындағы өнерін тамашалауға мүмкіндік алады. Елорданың «Барыс» командасымен өткен матчтар және 13 тамыз күнгі финалдық ойын «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера