Жамбыл облысында халықаралық ФИДЕ мастерінің қатысуымен шахмат турнирі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында халықаралық ФИДЕ мастерінің қатысуымен шахмат турнирі өтті

Жамбыл облысында халықаралық ФИДЕ мастерінің қатысуымен шахмат турнирі өтті

Жамбыл облысының журналистер гильдиясы халықаралық ФИДЕ мастері Мадина Даулетбаеваның қатысуымен Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шахмат турнирін өткізді.

  • 10 Тамыз 2011
  • 650
Фото - Caravan.kz

«Жарыс мақсаты – журналистер арасындағы күшті шахматшыны анықтауда емес, ол жақында Қытайдың Шэньжен қаласына Қазақстан ұлттық құрама командасымен аттанбақшы болып отырған қазақстандық өте күшті шахматшы Мәдина Дәулетбаеваның мастер-классы десе болар», — деді сейсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне шахмат турнирінің ұйымдастырушысы, облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Шухрат Хашимов.

Оның айтуынша, турнирге жергілікті және республикалық басылым журналистері қатысты. Жеңімпаздар облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының сыйлықтарымен марапатталды.

Мәдина Дәулетбаева – ФИДЕ-нің халықаралық шебері, Қазақстанның ұлттық шебері, тұңғыш рет 12 жасында еліміздің чемпионы атанған, шахматтан ересектер арасындағы еліміздің үш дүркін чемпионы. Тараз инновациялық-гуманитарлық университет студенті.

Дүниежүзілік универсиада Шэнженде тамыздың 12-13 аралығында өтеді. Ол жарысқа әлемнің 150 елінен 10 мыңдай спортшы қатысады.

Қазақстаннан спорттың 16 түрінен 95 спортшы қатысады. Шахмат додасына төрт спортшы қатысады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера