Алматыда трамплиннен секіруден әлем Кубогының жазғы кезеңі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда трамплиннен секіруден әлем Кубогының жазғы кезеңі өтеді

Алматыда трамплиннен секіруден әлем Кубогының жазғы кезеңі өтеді

Алматыда 29-30 тамызда трамплиннен секіруден әлем Кубогының халықаралық жарысының жазғы кезеңі өтеді, деп ҚР шаңғымен трамплиннен секіру федерациясынан хабарлады.

  • 11 Тамыз 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Аталған кезеңді табыспен өткізу біздің республиканың иммиджіне оң ықпал етеді және келешекте әлем Кубогының қысқы кезеңін және әлем чемпинатын өткізуге өтінім беруге мүмкіндік ашады», — делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.

Хабарда айтылғандай жарыстарда Ресей, Польша, Норвегия, Франция, Болгария, Чехия, Жапония, Австрия, Словения командалары қатысады. Сондай-ақ Корея, Қытай, Германия, Словакия, Швейцария, Финляндия, Эстония, Канада, Италия, Түркия мен АҚШ командалары келеді деп күтілуде.

Ресми ашылу халықаралық трамплиндер кешенінде өтеді. Бұл жарыс жыл сайын Халықаралық шаңғы федерациясымен (FIS) өткізіліп тұрады.