Қызылордалық боксшы Рустам Сваев Азия чемпионатында финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық боксшы Рустам Сваев Азия чемпионатында финалға шықты

Қызылордалық боксшы Рустам Сваев Азия чемпионатында финалға шықты

Қазіргі күндері Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы сапында 69 келіге дейінгі салмақта қызылордалық Рустам Сваев финалға шықты.

  • 12 Тамыз 2011
  • 398
Фото - Caravan.kz

Бұл мәртебеге ол кеше түнде өзбекстандық Нодирбек Қосимовты шиеленіскен шайқас үстінде 38:34 есебімен жеңуімен қол жеткізді.

Құрлық біріншілігінде Рустам бұған дейін екі рет рингке шығып үлгерді. Оның біріншісінде, 1/8 финалда онымен жекпе-жек өткізуге тиісті Біріккен Араб Эмиратының өкілі Насер Алдхафири шаршы алаңға шықпай қалып, жерлесімізге жеңіс жазылды. Келесі кездесуін ширек финалда индиялық Мандип Жанграмен өткізген Рустам 21:13 есебімен ұтты.

Бір айта кетерлігі, Қазақстан құрамасының 5 боксшысы жартылай финалға шыққан болса, олардың 4-уі ақтық айқаста алтын медальдың тағдыры үшін күресетін болды. Бұл қатарда Рустамнан бөлек, Ілияс Сүлейменов (52 кг), Айдар Әмірзақов (60 кг) және Досжан Оспанов (+91 кг) сынды боксшылар бар. Ал кеше жартылай финалда қытайлық Мен Фенлонгке бір ұпай айырмашылығымен ғана жол беріп қойған Арман Рысбек (81 кг) қола медальдың иегері атанды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера