Қазақстан құрамасы бокстан Азия чемпионатында командалық 2-ші орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамасы бокстан Азия чемпионатында командалық 2-ші орын алды

Қазақстан құрамасы бокстан Азия чемпионатында командалық 2-ші орын алды

Қазақстан құрамасы бокстан ересектер арасында 26-шы Азия чемпионатында командалық 2-ші орын алды, деп Азия бокс конфедерациясынан хабарлады.

  • 13 Тамыз 2011
  • 671
Фото - Caravan.kz

«Бірінші командалық орынды Қытай боксшылары алды. Олар 2 алтын, 3 күміс, және 1 қола медаль алды. Екінші орында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен Қазақстан ұлттық құрамасы алды. Көшбасындағы үшінші орында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен ринг иелері алды», — делінген жұма күні конфедерацияның ресми сайтында жарияланған хабарда.

60 кгдейінгі салмақта чемпионат алтын медалін қазақстандық Айдар Өмірзақов алды. Оның қытайлық Лиу Жиангбен кездесуіндегі есеп 12:12 болып, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.

91 кгдейінгі салмақта алтын медаль қазақстандық Досжан Оспановта болды. Финалдық жарыста ол ирандық Абдолла Мәжід Сепахвандиді 18:13 есебімен жеңді.

Күміс медальдар Ілияс Сүлейменов (52 кг) және Рүстем Сваевта (69 кг) болды. Жалғыз қола медальды Арман Рысбек (81 кг) алды.

26-шы Азия чемпионатын Инчхоне (Оңтүстік Корея) қаласында өтті. Біріншілік наградалары үшін Азияның 24 елінен 200 боксшы таласты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера