FIVB Әлемдік Гран-Приінің 2-кезеңінде Қазақстан құрамасы 1 ұпайға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
FIVB Әлемдік Гран-Приінің 2-кезеңінде Қазақстан құрамасы 1 ұпайға ие болды

FIVB Әлемдік Гран-Приінің 2-кезеңінде Қазақстан құрамасы 1 ұпайға ие болды

Алматыда 12-14 тамыз күндері өткен волейболдан FIVB Әлемдік Гран-Приінің 2-кезеңінде Бақытжан Байтөреев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы "F" тобында 4-ші орынға табан тіреді.

  • 15 Тамыз 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz


Олар бұған дейін тамыздың 5-7 күндері Қытайдың Луохе қаласында өткен алғашқы кезеңде АҚШ, Сербия және Қытай командаларымен бақ сынап, «D» тобында 4-ші орынды қанағат тұтқан болатын. Алайда онда барлық қарсыласына 3:0 есебімен есе жіберіп, қоржыны бос қайтқан еді. Қазақстандықтар бұл жолы өз алаңыңда алғашқы ұпайды Италиямен болған ойында иеленді. FIVB Әлемдік Гран-Приінің өткен жылғы күміс жүлдегеріне 3:2 есебімен ұтылған қазақстандықтар, әлемдік рейтингтік көшбасшысы Бразилия мен Азия чемпионы саналатын Тайландтқа 3:0 боп ойсырай жеңілді. Бақытжан Байтөреевтің тәлімгерлері енді әлемдік бұл доданың 3-кезеңін 19-21 тамызда Гонконгта «І» тобында Қытай, Польша, Доминикан волейболшыларымен өткізеді. Егер бұл сынды сәтті өткізетін болса 24-28 тамызда Макаода өтетін алса FIVB Әлемдік Гран-Приінің ақтық жарысында бақ сынайтын болады.