«Ақжайықтың» ойынына командаға соңғы кезде қосылған ойыншылардың тың серпін бергені байқалады. Премьер-лига мықтыларының бірі Қарағандының «Шахтерінен» келген Қанат Әлиев алғашқы допты соқса, екіншісі, сербиялық ойыншы Миленко Рашкович 11 метрлік айып добынан мүлт кеткенімен, өз голын әдемі енгізді. Үшінші доптың авторы — Руслан Валиуллин. Сөйтіп оралдықтар ірі есеппен жеңіске жетті.
«Ақжайықты» соңғы кезде литвалық маман Сермилис Саулис жаттықтыруда.