Бұл туралы ҚР Шайбалы хоккей федерациясынан хабарлады.
10 клуб, атап айтқанда, «Арыстан» (Теміртау қаласы), «Алматы» (Алматы қ.), «Арлан» (Көкшетау қ.), «Астана» (Астана қ.), «Барыс» (Астана қ.), «Бейбарыс» (Атырау қ.), «Горняк» (Рудный қ.), «Ертіс-Павлодар» (Павлодар қ.), «Казцинк-Торпедо» (Өскемен қ.) және «Сарыарқа» (Қарағанды қ.) хоккей клубтары турнирге қатысатындығын қуаттады.
Матчтардағы ең қызықты оқиғалар, фоторепортаждар, ойыншылармен және бапкерлермен сұхбаттар Қазақстанның Шайбалы хоккей федерациясының — www.icehockey.kz сайтының алғашқы бетінде «2011 Кубогының күнделігі» айдарында беріледі.
2011-ші жылғы Кубоктың ашылу салтанаты 20 тамыз күні «Барыс» спорт кешенінде «Казцинк-Торпедо» — «Астана» командалары кездесуінің алдында өтеді.