Шайбалы хоккейден ҚР кубогының 9-шы біріншілігінде 10 клуб қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шайбалы хоккейден ҚР кубогының 9-шы біріншілігінде 10 клуб қатысады

Шайбалы хоккейден ҚР кубогының 9-шы біріншілігінде 10 клуб қатысады

Шайбалы хоккейден ҚР кубогының 9-шы біріншілігінде 10 клуб қатысады, деп қазақстандық шайбалық хоккей федерациясының ақпараттық бөлімінен хабарлады.

  • 18 Тамыз 2011
  • 457
Фото - Caravan.kz

«20-27 тамызда Астанада Қазақстан Республикасының шайбалы хоккейден ерлер командаларының арасындағы 9-ші біріншілігі өтеді. Турнирге қатысатындығын 10 команда растады. Олар — ХК «Арыстан» (Теміртау қ.), «Алматы» (Алматы қ.), «Арлан» (Көкшетау қ.), «Астана» (Астана қ.), «Барыс» (Астана қ.), «Бейбарыс» (Атырау қ), «Горняк» (Рудный қ.), «Ертiс-Павлодар» (Павлодар қ.), «Казцинк-Торпедо»(Өскемен), «Сарыарқа» (Қарағанды қ.)», — делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.

Хабарда айтылғандай, Қазақстан-2011 кубогының дебютанты елордада биыл жазда құрылған «Астана» командасы болмақ. Жарыстар 2001-2002 жылғы маусымнан бері бастау алып келеді.