Бұл туралы ҚР Шайбалы хоккей федерациясынан хабарлады.
10 клуб, атап айтқанда, «Арыстан» (Теміртау қаласы), «Алматы» (Алматы қ.), «Арлан» (Көкшетау қ.), «Астана» (Астана қ.), «Барыс» (Астана қ.), «Бейбарыс» (Атырау қ.), «Горняк» (Рудный қ.), «Ертіс-Павлодар» (Павлодар қ.), «Казцинк-Торпедо» (Өскемен қ.) және «Сарыарқа» (Қарағанды қ.) хоккей клубтары турнирге қатысатындығын қуаттады.
Федерацияның хабардар етуінше, БАҚ өкілдерін еліміздің ең үздік командаларының ойынын тамашалаумен қатар өздерінде ойыншы ретінде сынауға мүмкіндік бар. Яғни, журналистер арасында үстел хоккейінен турнир өтеді. Турнир жеңімпаздарына сыйлықтар мен естелік диплом табыс етіледі.
Сонымен қатар 2011 жылдың Кубогын қай команда жеңіп алатындығын және 2-3 орындарды кімдер иеленетіндігін дәл тапқан бастапқы үш тілші де бағалы сыйлықтарға ие болады.
Айта кетейік, жалпы 2011-ші жылғы Кубоктың ашылу салтанаты 20 тамыз күні «Барыс» спорт кешенінде «Казцинк-Торпедо» — «Астана» командалары кездесуінің алдында өтеді.