Астаналық велошабандоздар Вуэльта көпкүндігіне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық велошабандоздар Вуэльта көпкүндігіне қатысады

Астаналық велошабандоздар Вуэльта көпкүндігіне қатысады

Тамыздың 20-сы мен қыркүйектің 11-і аралығында Испанияда велоспорттан «Vuelta Espana» көпкүндігі өтеді. ҚР Велоспорт федерациясының хабарламасына қарағанда, «Астана» велоклубы оған 9 спортшы қоспақ.

  • 19 Тамыз 2011
  • 457
Фото - Caravan.kz

Олардың арасында қазақстандық Андрей Кашечкин, Александр Дьяченко, Андрей Мизуров, швециялық Фредерик Кесякофф, хорватиялық Роберт Кишерловски, италиялық Энрико Гаспаротто, испаниялық Джозеп Джупре, эстониялық Танел Кангерт мен ресейлік Евгений Петров бар. Астаналықтардың Бас спорттық директоры Джузеппе Мартинеллидің айтуынша, олар бұл додада командалық есепте үздік бестіктің қатарына енуді жоспарлауда. Андрей Кашечкин 2006 жылы жекелей сында негізгі жіктелімде үздік үштіктің қатарынан көрінген болатын. Биыл ол бұл жарыста «Астана» намысын қорғағалы отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера