Спартакиада жүлдегерлері марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спартакиада жүлдегерлері марапатталды

Спартакиада жүлдегерлері марапатталды

Бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев салтанатты жағдайда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мемлекеттік органдар арасындағы жазғы салааралық спартакиаданың жеңімпаз және жүлдегер командаларының мүшелері - министрлік қызметкерлеріне құрмет грамоталарын тапсырды.

  • 19 Тамыз 2011
  • 435
Фото - Caravan.kz

Министрлік бойынша барлығы 14 қызметкер марапатталды. Олардың ішінде стритбол бойынша бірінші орынды жеңіп алған қыздар командасы мен екінші орынды иемденген волейболшылардың қыздар командаларының мүшелері бар. Екі команданың да капитаны — министрліктің Құжат айналымы және мемлекеттік тілді дамыту департаментінің директоры Елена Маличева. Ал Автомобиль жолдары комитетінің бас сарапшысы Жантөре Көбейсінов бастаған волейбол командасы спартакиадада екінші орынға ие болды.