Алматыда «Казатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясының XI спартакиадасы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Казатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясының XI спартакиадасы өтуде

Алматыда «Казатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясының XI спартакиадасы өтуде

Бүгін Алматыдағы орталық стадионда «Казатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясының XI спартакиадасы басталды.

  • 22 Тамыз 2011
  • 426
Фото - Caravan.kz

Спорттық мерекеге компанияның Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы жұмысшылары да қатысуда. Ұлттық атом компаниясының құрылымдық бөлімдері мен оның еншілес мекемелерінен 700 адам жиналып, 22 команда құрылған.

Алдағы бес күн бойы олар спорттың шағын-футбол, волейбол, үстел теннисі, бадминтон, шахмат және жеңіл атлетика түрлерінен жарысады. «Казатомөнеркәсібі» ҰАК АҚ-ның XI спартакиадасы 26-шы тамыз күні жеңімпаздарды салтанатты түрде құттықтау рәсімімен жабылады.

Бұл спартакиада компанияның 23 мыңға жуық қызметкерінің басын қосатын маңызды іс-шара болып табылады.