«Ертіс меридианы» слеті Қазақстан мен Ресейден келген 17 туристік команданың басын қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ертіс меридианы» слеті Қазақстан мен Ресейден келген 17 туристік команданың басын қосты

«Ертіс меридианы» слеті Қазақстан мен Ресейден келген 17 туристік команданың басын қосты

Павлодар облысындағы Жасыбай көлінің Баянауыл тауларында «Ертіс меридианы» атты дәстүрлі туристер слеті өз мәресіне жетті.

  • 23 Тамыз 2011
  • 460
Фото - Caravan.kz

Биыл Қазақстан мен Ресей шекаралары маңынан келген 17 туристік команда тауға шығу, кросс-жорықтар, байдаркамен есу және ең үздік авторлық ән орындау сайыстары бойынша жарысты.

Ауа-райының қолайсыздығы кедергі келтіргенімен, әрбір команда үздік болу үшін бар күшін салды.

Бірінші орынға ие болған Павлодар командасына жақсы дайындық пен тәжірибе көмектесті. Екінші орынды Астанадан келген спортшылар еншіледі.