Атыраулық спортшы Архангельскіде гір спортынан әлемдік рекорд орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық спортшы Архангельскіде гір спортынан әлемдік рекорд орнатты

Атыраулық спортшы Архангельскіде гір спортынан әлемдік рекорд орнатты

Атыраулық спортшы Евгений Ухов Архангельскіде гір спорты шеберлерінің бірінші Дүниежүзілік олимпиадасында 75 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын алды, деп хабарлайды «Время»газеті.

  • 25 Тамыз 2011
  • 669
Фото - Caravan.kz

Басылым «Жарысқа 44 елден бес жүзден аса спортшы қатысты. Евгений 2 минуттың ішінде гірді 65 рет көтеріп, әлемдік рекорд орнатып, «Жұлқу-спринт» номинациясында бірінші орын алды», — деп мәлім еткен жаттықтырушы Игорь Миргамбаевтың сөзін жариялап отыр.

Оның айтуынша, бұл — атыраулық палуанның 15 жылда түрлі халықаралық жарыстарда қол жеткізген сегізінші әлемдік жетістігі.

Е. Ухов – Қазақстан, Ресей, еуропа мен әлемнің гір спортынан бірнеше дүркін чемпионы.