«Қара теңіз -2011» халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшылар жастар мен жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қара теңіз -2011» халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшылар жастар мен жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанды

«Қара теңіз -2011» халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшылар жастар мен жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанды

Тамыздың 19-24 күндері Болгарияның София қаласындағы «Приморско» курортында волейболдан ерлер мен әйелдер арасында IV «Қара теңіз - 2011» халықаралық турнирі болды. Онда Қазақстанның жастар мен жасөспрімдер құрамасы 1993-1994 және 1995-1996 жылдары туған волейболшылар арасында жеңімпаз атанды.

  • 27 Тамыз 2011
  • 426
Фото - Caravan.kz


1993-1994 жылдары туған жастар жарыс қожайындарының «Град», «Монтана», Польшаның «Камионка», Румынияның «Раковски» командаларынан басым түсті. Ал 1995-1996 жылғылар «Варна» (Болгария), «Ревуча» (Словакия), «Нарва» (Эстония), «Омуртаг» (Болгария), «Валга» (Эстония), «Ропотамо» (Болгария) командаларын артта қалдырды. ҚР Волейбол федерациясының хабарламасына қарағанда, онда 1995-96 жылғылар барлық қарсыластарын 2:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал 1993-1994 жылғылар тек «Монтана» командасына ғана 1:2 (21:25, 25:16, 12:15) есебімен ұтылып, қалған кездесуді түгелдей айқын басымдықпен аяқтады.