Семей-Астана веложорығы салтанатты түрде жабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.46
  • 555.38
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей-Астана веложорығы салтанатты түрде жабылады

Семей-Астана веложорығы салтанатты түрде жабылады

Дүйсенбі, 29 тамызда Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнінде Астананың «Бәйтерек» алаңында Семей-Астана веложорығының салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

  • 27 Тамыз 2011
  • 561
Фото - Caravan.kz

ҚР Тәуелсіздігі мен Семейдегі полигонның жабылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған жорықтың негізгі қатысушылары — норвегиялық Bike For Peace ұйымының мүшелері.

«Бәйтерек» алаңындағы іс-шараға ҚР Парламенті, Үкіметі, Астана қалалық әкімшілігі, азаматтық альянс өкілдері және спорт мектептерінің оқушылары қатысады. Іс-шара барысында норвегиялық велосаяхатшылардың Астана қаласының мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне тандем велосипедін сыйлау рәсімі өтеді.