Алматыда өткен шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы «Гран-при - 2011» турнирінде словениялық Юрий Тепеш үздік шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда өткен шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы «Гран-при - 2011» турнирінде словениялық Юрий Тепеш үздік шықты

Алматыда өткен шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы «Гран-при - 2011» турнирінде словениялық Юрий Тепеш үздік шықты

Словениялық Юрий Тепеш Алматыда өткен шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы «Гран-при - 2011» турнирінде бас бәйгені еншіледі.

  • 1 Қыркүйек 2011
  • 399
Фото - Caravan.kz

Шаһарда былтыр бой көтерген тұғыр кешеніндегі сайысқа Ресей, Польша, Норвегия, Франция, Болгария, Чехия, Жапония, Австрия, Словения өкiлдерi өтiнiш берген. Олардан өзге Германия, Словакия, Швейцария, Финляндия, Эстония, Канада, Италия, Оңтүстiк Корея, Қытай, Түркия және АҚШ секілді елдерден спортшылар келді. Бұл әлем кубогының жалпы жүлде қоры — 12 мың еуро.

Сонымен тамыздың 30-ы күні өткен бәсеке нәтижесіне келер болсақ ,бірінші орында 260,7 ұпаймен Юрий Тепеш тұр, екінші орында оның жерлесі Юре Синковец — 250,8, ал үшінші орында норвегиялық Андерс Фаннемель — 250,5. Ал жерлестеріміз Алексей Королев 25-ші, Евгений Левкин 26-шы орыннан көрінді.

Әлем кубогының аяқталуына үш кезең қалды. Жалпы есеп бойынша бірінші орында 580 ұпаймен Томас Моргенштерн (Австрия), екінші орында норвегиялық Том Хильде, оның ұпайы 429, ал үшінші орында 389 ұпаймен польшалық Камил Штох келеді.

Жалпы, бұған дейін Алматыдағы тұғырдан секіру кешенінде әлем кубогы сайысы және қысқы Азия ойындары өткен болатын. Халықаралық талаптарға сай келетін бұл спорт нысанында екі тұғыр бар. Оның бірінің ұзындығы 125 метр болса, екіншісінің ұзындығы 95 метрді құрайды. Алдағы уақытта бұл жерде балаларға арналған тұғыр да бой көтеріп қалуы мүмкін.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера