Шымкентте БАҚ арасында Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған бірінші спартакиада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте БАҚ арасында Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған бірінші спартакиада өтеді

Шымкентте БАҚ арасында Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған бірінші спартакиада өтеді

Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Шымкент қаласында 5 мен 9-шы қыркүйек арасында БАҚ өкілдері арасында қоғам қайраткері,

  • 1 Қыркүйек 2011
  • 477
Фото - Caravan.kz

публицист әрі спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған бірінші спартакиада өткізеді.

Аталған турнирге Қазақстанның барлық электронды және мерзімді баспасөз өкілдері қатыса алады. Бұл жолы қатысушылар спорттың шағын футбол, волейбол, үстел тенисі, дойбы және шахмат сияқты бес түрінен сынға түседі.

Шығармашылыққа толы Сейдахмет Бердіқұл (1932 — 1994 ж.ж.) бар өмірі әлемдегі бейбіт әрі игілікті сала — спортпен байланысты болды. Қазақстанның спорт журналистикасындағы ұлы мэтрдің еңбектері отандық публицистиканың үздік туындылары болғаны анық.

Сейдахмет аға өзінің «спорттық жазбаларын» өткен жүзжылдықтың 50-60 ж.ж. «Лениншіл жас» газетінде бастады, алдымен спорт шолушысы, одан кейін 1986 жылға дейін осы басылымның бас редакторы болды. Кейіннен тағдырдың жазуымен ол «Жалын» баспасында бас редактор болып қызмет атқарды. «Қазақстан пионері» газетінің редакторы болып та жұмыс істеді. «Талантты адам барлығында талантты» мәтелі осындайда айтылған болар.

Сейдахмет аға футболды ұнататын. Ол футболдың нағыз жанкүйері еді. Спортқа адалдығының арқасында тағдырдың екі бірдей сыйына ие болды. 1966 жылы Англияда өткен Әлем чемпионатына баратын КСРО спорт журналистері делегациясының құрамына біздің жерлесіміз де қосылды. Ал төрт жылдан соң шалғай Мексикада өткен былғары доп шеберлерінің футбол фестиваліне барды. Осы сапарларының жемісі ретінде Отанына оралғаннан кейін туған атақты кітаптарын, очерктері мен мақалаларын атауға болады.

Спорт комитеті 1994 жылы Қазақстанның үздік спорт журналистеріне Сейдахмет Бердіқұл атындағы сыйлық белгіледі. Қазіргі таңда есімдері елімізге жақсы таныс журналистер — Қыдырбек Рысбек, Несіп Жүнісбай, Юрий Лифинцев, Ғалым Сүлеймен, Ақын Ордабай, Арсен Саттар, Мәди Манатбек, Ілияс Жолдас, Фархад Изизов, Валерий Ильин, Рабат Жәнібек, Лаура Барлыбаева, Сәдібек Түгел, Өмірзақ Сұлтанов, Телмұхамед Қүдеров және тағы басқалары осы сыйлықтың иегерлері атанды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера