Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті

Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» 3 қыркүйекте өз алаңында «Екібастұз» командасын қабылдады.

  • 5 Қыркүйек 2011
  • 426
Фото - Caravan.kz

Бірінші таймда Миланко Рашкович қос доп соқса, ойынның екінші кезеңінде Сергей Шевцов пен Руслан Хаиров мергендік танытты.

Бұл — «Ақжайықтың» қатарынан алтыншы жеңісі. Осы турдан кейін оралдықтар 43 ұпай жинап, екінші орындағы Көкшетаудың «Оқжетпесіне» жақындай түсті. Қоржынында 50 ұпайы бар «Оқжетпес» Қаратауда жергілікті «Лашынға» 0:2 есебімен есе жіберді.

«Ақжайық» алдағы ойындарын сырт алаңда өткізеді. 10 қыркүйекте Теміртауда бірінші лигадағы мықты командалардың бірі «Болатпен» күш сынасса, 13 қыркүйекте елордада «Астана-1964» клубымен шеберлік байқасады.