Қазақстан құрамасы халықаралық Ыстықкөл спорт ойындарына қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамасы халықаралық Ыстықкөл спорт ойындарына қатысуда

Қазақстан құрамасы халықаралық Ыстықкөл спорт ойындарына қатысуда

Қырғызстан парламентінің спикері Ахматбек Келдібековтің қатысуымен «Азия - ынтымақтастық пен бейбітшілік аймағы» ұранымен өтіп жатқан ХІ халықаралық Ыстықкөл спорт ойындарының ашылуы болды.

  • 6 Қыркүйек 2011
  • 379
Фото - Caravan.kz

Спорт ойындары ашылуының шеруіне Қазақстан, Әзірбайжан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және ойынды ұйымдастырушы Қырғызстанның құрамалары қатысты.

Жогорку Кенеш төрағасы А.Келдібеков спортшыларды қырғыз жеріне келулерімен құттықтады. Өзінің сөзінде ол: «Халықаралық Ыстықкөл ойындары дәстүрге айналды. Бұл шара қатысушылардың, жанкүйерлердің және көрермендердің бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасуына және жеңістер қуанышын бөлісулеріне мүмкінік береді. Спорттық додаға қатысушылар георграфиясы кеңейіп келе жатқаны қуантады. ТМД мен Ресей аймақтары қатыса бастаған бұл ойындарға енді ШЫҰ елдерінің спортшылары да қосылуда. Біз мұнда басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдар қатысушыларын күтеміз. Бұл ойындар «Азия — ынтымақтастық пен бейбітшілік аймағы» ұранын орындай отырып, достас елдер спортшыларын молынан қамти берсін» — деді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера