Қазақстан Республикасы чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы, ҚР спорт шебері Ғ.Жұбатқанов құрлық додасында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жұлқи көтеруде 125, серпе көтеруде 146, қосындысында 271 келіні бағындырды.
Ғалымбек 1995 жылы Қызылорда облысы Арал ауданының Бөген ауылында дүниеге келген. 2007 жылдан бастап Ж.Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың ауыр атлетика бөлімінде жаттығуда.
Оны Арман Абдраев жаттықтырады.