Алматыда бильярдтан ел чемпионаты өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.46
  • 555.38
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бильярдтан ел чемпионаты өтті

Алматыда бильярдтан ел чемпионаты өтті

Кеше Алматыда бильярдтан күзгі турнирлер сериясы аяқталды. Онда Клубтық командалық Х Қазақстан чемпионатында Ернар Шимбаев, Қуаныш Абпасов пен Азат Түменбаевтан құралған Астана қаласының "Премьер лига" клубы жеңімпаз атанды.

  • 19 Қыркүйек 2011
  • 423
Фото - Caravan.kz


Одан кейінгі орындарды Алматы қаласының «Классик» және Ақтау қаласының «Стигал» клубтары бөлісті. Бұл бәсекеге 8 қаладан 15 команда қатысқан болатын. Астаналық клубтың мүшесі халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ернар Шимбаевтың бильярдтың «Пул 9» түрінен өткен Х Қазақстан чемпионатында да мерейі үстем шықты. Бұл додада қарағандылық Виталий Никифоров күміс, алматылық Александр Власихин қола жүлдегер атанды.