Д. Ниязбеков - әлем чемпионатының қола жүлдегері - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Д. Ниязбеков - әлем чемпионатының қола жүлдегері

Д. Ниязбеков - әлем чемпионатының қола жүлдегері

Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен еркін күрестен әлем чемпионатында қызылордалық Дәулет Ниязбеков 55 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Бұл - осындай дүбірлі додада Қызылорда спорты тарихында осы спорт түрінен жеткен ең алғашқы жоғары жетістік.

  • 20 Қыркүйек 2011
  • 595
Фото - Caravan.kz

Ниязбеков Даулет Шораұлы — 1989 жылы 12 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Еркін күрестен ҚР спорт шебері. Ол бұған дейін жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері, ҚР чемпионатының жеңімпазы, еркін күрестен ҚР ІІІ жазғы спартакиадасының чемпионы атанды.

Қазіргі таңда жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады. Оны әзірлеген жаттықтырушылары — Әбутәліп Аманов пен Жақсылық Оспанов.

Дәулет 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера