Оралдың «Ақжайығы» сырт алаңда «Ақтөбе-Жасты» ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдың «Ақжайығы» сырт алаңда «Ақтөбе-Жасты» ұтты

Оралдың «Ақжайығы» сырт алаңда «Ақтөбе-Жасты» ұтты

Кеше Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе-Жаспен» кездескен Оралдың «Ақжайығы» 3:2 есебімен жеңіске жетті.

  • 21 Қыркүйек 2011
  • 395
Фото - Caravan.kz

Бірінші таймның 3-минутында Ержан Жарылғағанов доп соғып, алаң иелерін алға шығарды. Алты минуттан кейін оралдықтардан сербиялық легионер Миленко Рашкович қарымта қайырды. 56-минутта «Ақтөбе-Жастан» Олжас Алтаев өз қақпасына доп кіргізіп алса, 85-минутта Александр Вольф есепті теңестірді. 90-минутта М.Рашкович екінші рет мергендік танытып, «Ақжайыққа» жеңіс әперді.

Бұл турдан кейін 46 ұпай жинаған «Ақжайық» бұрынғысынша үшінші орында келеді. 68 ұпайымен Қаскелеңнің «Сұңқары» премьер-лига жолдамасын қазірдің өзінде иеленсе, екінші сатыдағы Көкшетаудың «Оқжетпесінің» 50 ұпайы бар. Көкшеліктер бұл турда «Іле-Сәулетке» 0:1 есебімен есе жіберді. «Оқжетпес» 23 қыркүйекте Ақтауда «Каспиймен» күш сынасса, «Ақжайық» бұл турға қатыспайды. Одан кейін батысқазақстандықтар 30 қыркүйекте өз алаңында Талғардың «Ақбұлағын», 3 қазанда «Сұңқарды» қабылдайды.